Наурыз мерекесі
Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз мерекесімектебімізде 2-11 сыныптар арасында аталып өтті. Әр сынып ұлттық би билеп, ойындар ойнап, салт дәстүрімізді дәріптеп, тәрбие сағаттарын өткізді. 5-сынып оқушылары тұсау кесер, бесікке салу сияқты салт-дәстүрлерді көрсетсе, 7-сынып оқушылары ұлттық ойын түрлерімен таныстырып, айтыс өнерін керемет көрсетті. 2-сынып оқушылары да би билеп ән айтып салт дәстүрлерді көрсетіп көріністер қойды.