Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама » Страница 5 » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама
29
апрель
2017

Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама

Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама
/Н.Г.Лусканов бойынша/
10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап – 0 балл, бейтарап – 1 балл, оң жауап – 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін, 20 – 24 балл ортаңғы норманы, 15 – 19 балл ішкі мотивацияны, 10 – 14 балл және одан төменгі балл – мектепке деген теріс көзқарас, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.
 
Сауалнама сұрақтары
  • Саған мектеп ұнай ма немесе ұнамай ма?
  • Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келе ме?
  • Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?
  • Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнай ма?
  • Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?
  • Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба?
  • Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?
  • Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнай ма?
  • Сенің сыныпта достарың көп пе?
  • Сыныптастарың саған ұнай ма?
Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы – оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.
Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетеді:
Жоғары деңгей – оқушының мектепке қатынасы оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын оңай меңгереді, мәліметтерді толық игерген, мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды, тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды, өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды, тапсырмаларды мұқият орындайды, сыныпта жоғары мәртебеге ие.
Ортаңғы деңгей -  оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді, бағдарламаның негізгілерін меңгереді, тапсырмаларды өзбетінше орындайды, оларды орындауда мұқия, бірақ бақылауды талап етеді, сабаққа қызығушылықпен дайындалады, сыныптағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.
Төменгі деңгей – оқушының мектепке қатынасы теріс, денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді, көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді, тәртіп бұзады, оқу материалдарын фрагменталды меңгереді, өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді, сабақтарға немқұрайлы дайындалады, бақылау мен көмекті қажет етеді, пассивті, сыныпта жақын достары жоқ.